Медицина • 12 Сәуір, 2020

Елорда мен Алматыда коронавирусты анықтайтын тегін тестілеуден өтуге болады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалары 13 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус бойынша тегін тестен өтуге болатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда мен Алматыда коронавирусты анықтайтын тегін тестілеуден өтуге болады

«Құрметті пациенттер. 13 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тегін экспрес-тестілеуден өтуге болатынын хабарлаймыз. Одан өту үшін пациент www.cdl.kz сайтында анкета толтыруы керек. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдар тобының эпидемиологиялық анықтамасы негізінде таңдайды. Артынша бекітілген тізімдер «Олимп» КДЗ-ға түседі», - деп хабарлады «Олимп» КДЗ Facebook парақшасында.


Тізімде бекітілген пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге қай уақытта келуі керектігін айтады.

«Оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек. Кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс. Процедуралық кабинеттен өткеннен кейін коронавирус бойынша экспрес-тест алынады. Анализ қорытындысы анкетада көрсетілген поштаға жолданады. Маңызды жайт: Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды. Өздігімен процедуралық кабинетке, оператормен сөйлеспей келуге болмайды», - деп ескертеді «Олимп».