Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Аумақтық әскери бөлімшелер құрылды

755 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау мақсатында әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру барысы туралы брифинг өткізді.

Аумақтық әскери бөлімшелер құрылды

С.Боранбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери мін­дет­тілерді арнаулы жиын­дар­ға ша­қыру туралы» Жарлығына сәйкес, бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Қызылорда және Пав­ло­­дар облыстарында аумақтық әскери бөлімшелер құрылды.

Сондай-ақ Ақтөбе және Аты­рау облыстарында әскери мін­дет­­тілерді шақыру жалғасуда. Шым­кент қаласы мен Қарағанды облысында әскери бөлімшелерді жасақтаудың басталуы 13 сәуірге, Солтүстік Қазақстан облысында – 14 сәуірге, Жамбыл облысында – 15 сәуірге, Түркістан облысында 17 сәуірге жоспарланған.

– Қорғаныс министрлігі тарапынан алдын ала қабылданған ұйымдастыру-техникалық сипат­та­ғы шаралардың, сондай-ақ каран­тиндік шектеулердің күр­де­лі жағдайларында жергілікті әскери басқару органдары мен медицина қызметкерлерінің үй­ле­сімді жұмысының нәти­же­сін­де қысқа мерзімде арнайы жиынға – 473 әскери міндеттіні, соның ішінде 71 офицер мен 402 сержантты, запастағы сарбаздарды шақыруға мүмкіндік берді, – деді С.Боранбаев.

Жергілікті әскери басқару ор­­ган­­дарына ерікті түрде шақы­рылу үшін 2372 жас азамат өті­ніш білдірді. Ал әскери мін­дет­ті­лердің орташа жасы қазіргі уа­қыт­та 27,5 жасты құрайды.

Әскери міндеттілердің 34%-ы жұмысқа орналастырылды. Олардың орташа еңбекақысы – 82 000 теңге. Қорғаныс ми­нис­тр­лігінің басшылығы әскери полицияны тарта отырып, әскери міндеттілерді шақыру барысына, санитарлық-гигиеналық нор­ма­лар­дың, әскери тәртіптің сақ­­талуына жүйелі бақылау ұйым­­­дастырды. Халыққа арнаулы жи­ын­­­дарға шақыру шарттарын жедел түсіндіру үшін Қорғаныс минис­трлігі мен қорғаныс істері жөнін­дегі өңірлік департаменттерде 4 сәуірден бастап тәулік бо­йы 18 Call-орталық жұмыс іс­тей­ді.