Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Береке-бірлігі жарасқан Үржардағы үлгілі істер

598 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

20 миллион теңгеден астам қаражатқа қайырымдылық шаралары жүзеге асырылды.

Береке-бірлігі жарасқан Үржардағы үлгілі істер

«Ырыс алды - ынтымақ» деп дана халқымыз айтқандай, осындай сын сағатта бір бірімізге қолдау білдіріп, жанашырлық таныту арқылы ғана әлемді жайлаған індетті жеңеріміз хақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарының қауіпсіздігі мен амандығы үшін елімізде төтенше жағдай жариялағаны белгілі. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан барлық қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуда.

Жақында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елімізді береке-бірлікке шақырған құнды мақаласын жариялап, өтпелі кезеңде жұдырықтай жұмылу қажеттігіне тоқталды.

Осы ретте Үржар ауданының елжанды азаматтары, ірі шаруашылықтар мен қожалықтар басшылары, кәсіпкерлер, барлық аудан тұрғындары бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай ынтымақ танытып, Президенттің «Біз біргеміз!» акциясы аясында қайырымдылық шараларын жалғастыруда.

ү

Атап айтар болсақ, Көлденең ауылындағы «Юбилейный» ЖШС-нің басшысы Мамырбек Қарашев әлеуметтік жағынан аз қамтылған ауыл тұрғындары үшін 1 бас ірі қараның етін, 1 тонна шекілдеуік майын тегін таратса, Үржар ауылындағы «Алғабас» шаруа қожалығының басшысы Мәулетбек Қалиев 1 бас ірі қара сойып, етін таратып берді.   

үр

Ауданның атқа мінер азаматтары Үржар және Мақаншы ауылдарында 2 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, етін екі үлкен ауылда тұратын аз қамтылған көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратып берді.

үрж

Қаратал ауылындағы «Нарұл» шаруа қожалығы (басшысы Қуаныш Төлепбаев) 1 бас ірі қараның етін өз ауылының тұрғындарына таратты.

үржар

Бақты ауылындағы «Сұлтанмахмұт» шаруа қожалығы (басшысы Рифхат Мұхамадиев) 1 бас ірі қара, «Марал» шаруа қожалығы (басшысы Рахат Мұрынбаева) 1 бас ірі қара, Қарабұлақ ауылындағы «Еркін» шаруа қожалығы (басшысы Ерсін Рақышев), Қабанбай ауылының тұрғындары 1 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, аз қамтылған әлеуметтік топтарға таратып берді. «Мұндай қайырымдылық жұмыстары барлық ауылдық округтерде жалғасын тауып, бірінші кезекте қажетті азық-түліктер тұрғындарға берілуде. Ұсақ малдар да құрбандыққа шалынып, еттері таратылуда.  «Біз біргеміз!» акциясына Бақты ауылындағы әр жылдардағы мектеп түлектері, ауданның мектеп ұжымдары, мемлекеттік қызметшілері мен дәрігерлер қауымы, мәдениет саласының қызметкерлері, волонтер жастар, жерлес спортшыларымыз өз үлестерін қосып, азық-түлік дорбаларын, бетперделер таратты. Төтенше жағдай жарияланғаннан бері жалпы аудан бойынша 20 миллион теңгеден астам қаражатқа қайырымдылық шаралары жүзеге асырылып, бұл жұмыстар өз жалғасын табуда» дейді Үржар аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Елдос Бейсенов.

 Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы