«Өрт сөндіру бөлімі өрт шыққан жерден 1,5 км қашықта орналасқан. Сондықтан алғашқы бригада 5 минутта жетті. Осы уақытта үй отқа оранып үлгерген. Құтқарушылар жанып жатқан үйден екі адамды алып шықты. Олар 1998 жылы туған ер адам және 1989 жылы туған әйел. 60 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 15 минутта сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға 21 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды» деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Тілсіз жаудың құрбаны болған тұрғындарға дәрігерлер дереу жеткенімен, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
АЛМАТЫ