Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Алматылық кәсіпкерлер «жақсылық жәшігі» жобасын жалғастыруда

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық қалталы азаматтар жағдайы төмен жанұяларға көмек көрсету дәстүрін үзбей жалғап келеді. Кезекті кәсіпкер шаһардың Әуезов ауданында тұратын 100 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.

Алматылық кәсіпкерлер «жақсылық жәшігі» жобасын жалғастыруда

Аудан әкімдігінің бастамасымен жүзеге асқан игі шараға тұрғындар дән риза. 25 келі тартатын қорапқа ұн, сумай, күріш, тұз тәрізді ең керекті азық-түлік түрлері толтырылған.

– Қазақта «бөліссек тоқ боламыз, бөлінсек жоқ боламыз» деген жақсы сөз бар. Кәсіпкерлер барымызбен бөлісіп, қиын-қыстау кездемемлекетімізге, үйде бізді күтіп отырған апа-қарындастарымызға, бауырларымызға барыншакөмек қолын созайық. Біз мейірімді жандардың атынан «жақсылық жәшігі» деген акциямыздыжолдап жатырмыз. Сондықтан бәріміз бірге болып, осы індеттен бірге құтылайық. Ең бастысы – бәріміз үйде болайық, – дейді кәсіпкер СырымбекТауұлы.    

 

Тұрғындарды қуанышқа бөлеген қайырымдылық шараға даңқты спортшы Ардақ Назаров та атсалысқан. «Бүгін елімізде болып жатқан жағдайға байланысты көптеген азамат үйде құр қарап жатпай, қарлығаштың қанатынан тамған су сияқты еліне шапағатын тигізіп, аз да болса игі амалға бет бұрып жатқаны бар. Кәсіпкер бауырларымыздың отбасына Алла тағала береке берсін дегім келеді. Жақсылық көбейген жерде жамандық болмайды»,дейді спортшы.