Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Алматыда «Достық» және «Сарыарқа» метро бекеттерінің құрылысы жалғасуда

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы әкімдігі жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған жобалар туралы баяндады. Төтенше жағдайға қарамастан мегаполисте жол құрылысы мен метро стансаларын салу жұмыстары жүйелі жалғасып жатыр.

Алматыда «Достық» және «Сарыарқа»  метро бекеттерінің құрылысы жалғасуда

Қалада «Достық» және «Сарыарқа» метро стансасы желілерінің құрылыс жұмыстарына 250 жұмысшы тартылған. Сонымен қатар, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жол айрығының құрылысы да қыза түскен. Бұл жұмысқа 53 құрылысшы жұмылдырылыпты.

 

Сондай-ақ қаланың орталық көшесі Абай даңғылын ұзартуға 20 жұмысшы тартылған.

 

Сонымен қоса қаланың бірқатар аудандарындағы жолдарды қалпына келтіру ісі қолға алынып отыр. Алатау ауданындағы жаңа жолдардың құрылысына 115 жұмысшы ат салысуда.

 

- Шаңырақ-2, ұзындығы - 10,9 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың тамыз айы, қамту - 18440 тұрғын;

- Әйгерім-1, ұзындығы - 6 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың мамыр айы, қамту - 10300 тұрғын;

- Ұлжан-1, ұзындығы - 12,6 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың қазан айы, қамту - 8000 тұрғын;

- Трудовик, ұзындығы - 18,2 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың қараша айы, қамту - 6000 тұрғын;

Әйгерім-2, ұзындығы 6 км, аяқталу мерзімі - осы жылдың қыркүйек айы, қамту - 12,600 тұрғын.

 

«Жұмысшылардың санитарлық-қорғаныс шараларын сақтау үшін жөндеу-құрылыс жұмыстарының барлық қатысушылары маскалармен, сондай-ақ антисептикалық заттармен қамтамасыз етілген.Осы жылдың соңына дейін Алатау ауданының 7 шағынауданында ұзындығы 84 шақырым болатын жаңа жолдың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар ұзындығы 67,4 шақырым болатын 18 шағынауданда орташа жөндеу жұмыстарын  жүргізу жоспарланған. 5 мөлтек ауданда: «Самғау», «Өжет», «Шаңырақ-5», «Алғабас», «Шапағатта» жаңа жолдың күрделі құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтау мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.