Қоғам • 13 Сәуір, 2020

Құрылыс саласында да қауіпсіздік ережесін сақтау керек

868 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта республиканың әртүрлі аймақтарындағы құрылыс алаңдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Құрылыс саласында да қауіпсіздік ережесін сақтау керек

Құрылыс құрылымдарын монтаждау және технологиялық жүктерді жылжыту жұмыстары 1092 мұнаралы жүккөтергіш кранды қолдану арқылы атқарылады. Бұл механизмдерді іске қосу кезеңінен бастап қауіпсіз жұмыс істеуіне мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мамандары жүзеге асырады.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында төтенше жағдай кезінде аумақтық бөлімшелер мемлекеттік қадағалау әдістерін қайта қарады, яғни жұмыс уақытша қашықтықтан атқарылады.

Айта кететін жайт, үстіміздегі жылдың басынан құрылыс алаңдарында крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын (жауапты тұлғалар мен жұмысшыларды даярлау және қайта даярлау, мұнаралы крандарды жұмыс жүргізу орындарында монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін техникалық куәландыру жүргізу, жүк көтергішкрандарды тіркеу) сақтамау салдарынан апаттар орын алды. 2020 жылғы бірінші тоқсанда 5 апат болып, адамдар қайтыс болды.

Осыған байланысты, аумақтық бөлімшелер құрылыс ұйымдарымен алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Оларға орындалуға тиісті өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы туралы ақпараттық хаттар жіберіп, апаттарға және адам өліміне, оның ішінде технологиялық үрдістерге қатыспайтын апаттарға және адам өліміне әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтардың ықтималдығын барынша азайтады.