Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Түркістан: Мейірімді мұғалімдер

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан С.Сейфуллин атындағы N52 жалпы орта мектебінің ұстаздары көпке үлгі боларлық іс жасады.

Түркістан: Мейірімді мұғалімдер

Мектеп директоры Ғазиза Шүкірбаеваның бастамасымен мұғалімдер ауылдағы 24 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көрсетіп, азық-түлік үлестірді. Бұдан бөлек, 620 оқушыға бетперде таратып, аз қамтылған отбасы балаларына дәптер мен қалам тарту етті. Мектеп директоры көпбалалы отбасылардың балалары қажеттілігіне қарай толығымен ыстық тамақпен қамтылғанын айтады. Сонымен қатар, ауылдың қалталы азаматтары мен ата-аналардың, ұстаздар қауымының демеушілігімен қайырымдылық акциялары жиі ұйымдастырылып, жиналған қаражатқа мұқтаж оқушыларды оқуға қажетті құрал-жабдықтар, киім-кешектер таратылып отырады.

Өзгелерге үлгі көрсетіп отырған мектеп ұстаздары мұндай қайырымдылық шараларын өткізуді алдағы уақыттарда да жалғастырмақ.

 

Түркістан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00