Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Елорда әкімдігі жанындағы жедел штабқа өтінішті қалай жіберуге болады?

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі жедел штабқа өтініштерді тек ресми арналарға келесі тәсілдермен жіберуге болады: 

Елорда әкімдігі жанындағы жедел штабқа өтінішті қалай жіберуге болады?
  • ccc@astana.kz
  • Әкімдіктің ресми сайты: astana.gov.kz
  • Telegram чат-бот (t.me/nursultanikomek109_bot);
  • Ikomek109 (PlayMarket / AppStore) мобильдік қосымшасы;
  • Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобильдік қосымшасы. 

Карантин және ТЖ мәселелері бойынша консультацияларды iKOMEK109 жедел желісі бойынша - 1-0-9 нөмірі арқылы алуға болады.

Жеке мәселелер (жерлеу рәсімі, емдеу және т.б.) бойынша карантин аумағында тұрып жатқан азаматтар өтініш бере алады. Онда өтініш берушінің толық аты-жөні, ЖСН, өтініш беру себебі, тұлғанының жеке басын куәландыратын  құжаттар және кері байланыс нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет.

Басқа email, телефон нөмірлері жарамсыз саналады! Чаттарда жалған ақпарат тарап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарындағы ресми хабарламаларға ғана сенуді сұраймыз.