Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

COVID-19 туралы жалған ақпарат таратқандарға жаза қолданылды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

COVID-19 туралы жалған ақпарат таратқандарға жаза қолданылды

Павлодарда коронавирус туралы жалған мәлімет таратқан азаматтар анықталып, ұсталды. Олар әлеуметтік желілерде облыс тұрғындары арасында коронавирусты жұқтырудың жаңа фактілері туралы, Баянауыл ауданы мен Ленин кентінің карантинге жабылғаны туралы жалған хабарламалар таратқан.

Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 40 АЕК (111 120 теңге) көлемінде айыппұл салынып, біреуі 15 тәулікке қамауға алынды.