Елбасының бастамасымен құрылған «Biz birgemiz» қайырымдылық қоры аясында Атырау облыстық мәслихатының депутаттары 28,4 млн теңге, Ақмола облыстық мәслихаты 25 млн теңге, Ақтөбе облыстық мәслихаты 14 млн теңге, Алматы қаласы 9,6 млн теңге, Қостанай облыстық мәслихаты 7 млн теңге, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты 2 млн теңге, Қызылорда облыстық мәслихаты 1,7 млн, Алматы облыстық мәслихаты 2,7 млн теңге сомасында бірінші кезекте қажет болатын азық-түлік ұсынды.
Депутаттар одан басқа өздерінің сайлау округтерінің аясында жеке өздерінің және демеушілік қаржысына көмек көрсетуді ұйымдастырды, бұл ретте бюджеттің немесе әкімдіктердің қаржысы тартылған жоқ.
Атап айтқанда, Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары және облыстың қалалары мен аудандарының депутаттары блокпостарды материалдық-техникалық жарақтандыруға, ыстық тамақ, жеке қорғаныс құралдарын беруге көмек көрсетті.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін, сонымен қатар ноутбуктар сатып алу және халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлді.
Алматы облыстық мәслихатының депутаттары аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және зейнеткерлерге көмек беруге орай қайырымдылық істерін белсенді жүзеге асырды.
Атырау облысында депутаттар азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің бағасына мониторинг жүргізуде. Сонымен қатар, «Biz birgemiz» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін азық-түлік жиынтығы, медициналық маскалар және антисептиктер сатып алынды.
Жамбыл облысында мәслихат депутаттары мұқтаж жандарға, егде адамдар мен мүгедектерге жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік және бірінші кезекте қажетті тауарларды, сондай-ақ карантин кезінде өз үйлерін тастап кетуге мүмкіндігі жоқ тұрғындарға азық-түлік себеттерін берді.
Шығыс Қазақстан облысында депутаттар қоғамдық көлікті, адамдар көп жиналатын нысандарды (тамақтану, сауда орындары, авто және теміржол вокзалдары) дезинфекциялауды бақылады, әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарлардың бағасына мониторинг жүргізеді.
Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттары азық-түлік себеттерін, оқушыларға арналған кеңсе тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық маскаларды, антисептиктерді сатып алды. Қалалық мәслихат депутаттары облыстық кардиология орталығына медициналық аппарат пен қан құю жүйесін сатып алды.
Қызылорда облысында облыстық мәслихат депутаттары "Biz birgemiz" республикалық акциясына қатысты. Олар мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, аз қамтылған отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын, компьютер сатып алуға қаржы бөлді.
Маңғыстау облысында депутаттар азық-түлік, бензин бағасына мониторинг жүргізді, "Biz birgemiz" акциясы аясында мұқтаж отбасылар азық-түлікпен қамтамасыз етілді, тігін шеберханаларына медициналық маскаларды тігу үшін материалдар сатып алынды.
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары "Biz birgemiz" республикалық акциясына қатысты. Олар карантин кезінде қарт адамдарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға бірінші кезекте қажетті азық-түлік жіберді, қарт адамдарға маскалар мен бір реттік қолғаптар, сондай-ақ мүгедек балалар мен олардың отбасыларына ыстық тамақ сатып алынды.
Қостанай облысында көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсетілуде, зейнеткерлерге маскалар таратылып, оқушыларды қашықтан оқыту және оқушыларға маскалар сатып алу ұйымдастырылды, қашықтан оқыту үшін әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары смартфондармен, ноутбуктармен қамтамасыз етілді.
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаттары қаланың шалғай аудандарында тұратын қарт адамдарға дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін кәсіпорындар мен емханаларға автокөлік жіберді. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар дербес компьютерлермен қамтамасыз етілді. Бірқатар депутаттар тәулік бойы жұмыс орнындағы медицина қызметкерлерінің отбасыларына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетті.
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары "Жаңа Алатау" қоғамдық қорының шотына жеке қаржысынан қайырымдылық көмек аударды, сонымен қатар, "Biz birgemiz" акциясы аясында аз қамтылған отбасылар үшін бірінші кезекте қажетті тауарлар мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алды.
Павлодар облысында депутаттар медициналық маска тігуді ұйымдастырды, тұрғындарға бірінші кезекте қажетті азық-түлік қорын құрды, мұқтаж отбасылардың балаларын онлайн оқыту ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмек көрсетті.
Солтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаттары аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік топтамасын таратты, үй-жайларды, көшелерді дезинфекциялау үшін техника және антисептикалық құралдар бөлінді, ауылдарда зейнеткерлерге зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы жеткізу ұйымдастырылды, мұқтаж отбасыларға отын мен көмір жеткізілді,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары қаражат бөліп, аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік себетін және жеке гигиена құралдарын сатып алды.
Шымкент қаласында қалалық мәслихат депутаттары "Biz birgemiz" акциясы аясында қаржы жинап, мұқтаж отбасыларға азық-түлік, медициналық маскалар, антисептиктер беріп көмектесті.