Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Шымкенттік оқушылар онлайн білім алу бойынша республикада көш бастады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында жалпы 172 мектептің оқушылары ІV тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастады. Бүгінде қаладағы мектептерде білім алатын 222 мыңнан астам оқушы  толығымен қашықтан білім беру жүйесімен қамтылған. 

Шымкенттік оқушылар онлайн білім алу бойынша республикада көш бастады

Мәселен, оқушылардың 96,7 пайызы компьютер, смартфон, планшет сынды электронды құрылғымен қамтылған болса, қалған 3,3 пайызы яғни, 7 424 оқушы телеарна арқылы білім алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, компьютерді қажет ететін оқушыларға мектептердегі 10 192 компьютер уақытша берілген. 

Шымкент қаласының оқушылары «Bilimland.kz», «Дарын Онлайн» сынды интернет платформаларда білім алу бойынша республикада І орында болса, ұстаздары ІІ орында. Сонымен қатар, балалар «zoom», «google class», «edu page» бағдарламалары арқылы да білім алуда. Барлық мұғалімдер оқушылармен «WhatsApp» арқылы кері байланысқа шыға алды.

Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан құрылған Call-орталыққа бүгінгі күнге дейін 422 сұрақ келіп түскен болса, оның басым көпшілігі қашықтан білім алу туралы болған. Білім басқармасы келіп түскен сауалдарды талдай отырып, жұмыс сапасын жақсарту мақсатында тиісті шараларды атқаруда.

 

Шымкент