Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Шымкентте коронавирус жұқтырған Түркістан облысының бір азаматы көз жұмды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. Ол 1962 жылы туылған Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Рабат ауылының тұрғыны. 

Шымкентте коронавирус жұқтырған Түркістан облысының бір азаматы көз жұмды

Науқас 11 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен «Қарағанды-Новосбір», бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 

58 жасар азамат инфекциялық ауруханасының жан-сақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ аппаратына қосылған. 

Науқас бұған дейін артериалдық гиперензия  ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған. 

Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, Республикалық мамандармен біреше рет кеңес жүргізілген. 

Бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылған.

 

Шымкент