07 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 296

603 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 25 шілде,   Астана қаласы

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағын орындау мақсатында бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қа­рашадағы № 500 (2013 жылғы 23 ақпандағы, 1 наурыздағы № 74,78 (28013, 28017) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде            № 8170 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-12 қосымшалар осы бұйрыққа 1-12
қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
 3) Осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін.
 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
 4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 Министр         Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына 1-қосымша

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары
№    Білім салалары және оқу пәндері    Сыныптар бойынша апталық сағат саны    Жүктеме, сағат
        1    2    3    4    Апталық    Жылдық
Инварианттық компонент
I    Тіл және әдебиет    8    9    11    11    39    1318
1    Сауат ашу (оқу, жазу)    7    -    -    -    7    231
2    Қазақ тілі    -    4    4    4    12    408
3    Әдебиеттік оқу    -    4    4    4    12    408
4    Орыс тілі    -    -    2    2    4    136
5    Шетел тілі*    1    1    1    1    4    135
II    Математика    4    4    5    5    18    608
6    Математика    4    4    5    5    18    608
III    Жаратылыстану    1    1    1    1    4    135
7    Дүниетану    1    1    1    1    4    135
IV    Адам және қоғам    1    1    1    1    4    135
8    Өзін-өзі тану    1    1    1    1    4    135
V    Өнер    2    2    2    2    8    270
9    Музыка    1    1    1    1    4    135
10    Бейнелеу өнері    1    1    1    1    4    135
VI    Технология    2    2    2    2    8    270
11    Еңбекке баулу    2    2    2    2    8    270
VII    Дене шынықтыру    3    3    3    3    12    405
12    Дене шынықтыру    3    3    3    3    12    405
Инварианттық оқу жүктемесі    21    22    25    25    93    3141
Вариативтік компонент
Мектеп компоненті
Таңдауы бойынша сабақтар    2    2    3    3    10    338
Оқушы компоненті
Жеке және топтық консультациялар, дамытушылық сипаттағы сабақтар    1    1    1    1    4    135
Вариативтік оқу жүктемесі    3    3    4    4    14    473
Оқу жүктемесінің жоғары шек

Соңғы жаңалықтар