Қазақстан • 14 Сәуір, 2020

Мемлекет басшысы Бекет Махмұтовтың отбасына және туыстарына көңіл айтты

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі спорт қайраткері, даңқты бапкер Бекет Махмұтовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына және жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

 

Мемлекет басшысы Бекет Махмұтовтың отбасына және туыстарына көңіл айтты

«Бекет Сапабекұлы ұзақ жылдар бойы елімізде спорт саласын өркендету жолында еселі еңбек етіп, құрметке бөленген еді. Әсіресе, қазақ спортын жоғары деңгейге көтерген білікті бапкер ретінде есімі ел тарихында қалатыны анық. Салмақты да сабырлы мінезімен өз ортасына сыйлы болды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын» делінген жеделхатта.