08 Қыркүйек, 2013

Қазақстан-Қытай: Өзара ынтымақтастық жаңа тарихи белес­ке көтеріледі

300 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қытай елінің басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты жаңа тарихи белес­ке көтеретін орасан мәнді оқиғаға айналды. 

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

080913

 

Қытай елінің басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты жаңа тарихи белес­ке көтеретін орасан мәнді оқиғаға айналды. 

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

080913

сур

Бүгінгі күні Шығыстағы алып көршімізбен арадағы екіжақты да, көпжақты да, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі де қарым-қатынастар өзара түсіністік, мүдделестік және құрмет пен сыйластық негізінде дамып, тереңдеп келеді.

Қытай елінің басшысы кеше Ас­танадағы бағдарламаны «Отан-Ана» мо­ну­ментіне гүл шоғын қойып, тағзым етуден бастады. Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Ақордада ресми қарсы алу рәсімі аяқталған соң шағын құрамда кездесті. Бұл кездесу екі сағатқа жуық созылды. Ақордада өткен келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екі елдің арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету перспективаларын қарастырды.

Атап айтқанда, сау­да-эко­но­­ми­­калық, инвес­ти­ция­лық, аг­ро­­өнеркәсіптік, шекар­ал­ық, мәде­ни-гуманитарлық ынты­мақ­тастықты жандандыру мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі мен өңірлік қауіп­сіз­дік­тің өзекті мә­се­лелері талқы­ланды.

Қазақстан Президенті шағын құрамдағы кездесу барысында Си Цзиньпиннің тарихи сапарына зор мән беріліп отырғанын атап өт­ті. Одан әрі кездесу екі жақтың рес­ми делегациясы мүшелерінің қаты­суымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Онда екіжақты ынты­мақтастықты сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіптік, шекаралық, мәдени-гуманитарлық салаларда жандандыра түсу мәсе­лелері қарастырылды. Сондай-ақ, халықаралық және өңірлік қауіп­сіздіктің өзекті мәселелері тал­қыланды.

Кеңейтілген құрамдағы кез­десуді ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзинь­пин сапарының маңызы зор екенін атап өтті. Қазақстанға келген сапарыңызға құтты болсын айта отырып, мен Сіздің алғашқы мем­лекеттік сапарыңыз екі елдің ара­сындағы ынтымақтастықты жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтереді деп сенемін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Одан әрі Елбасы шағын құрамдағы кездесудің қорытындыларына тоқталып, онда ашық және сенімді пікір алысу болғанына ризашылығын білдірді.

Осыдан кейін Президент Си Цзинь­пинді ҚХР-дің алдағы болатын мем­лекеттік мерекесімен құт­тықтады. Мен Сізді алда келе жат­қан Қы­тай Халық Рес­пуб­лика­сының құ­рыл­ған күнімен құт­тықтаймын. Тәуел­сіздігіміздің ал­ғашқы күнінен бастап Қытаймен арамызда дамып келе жатқан тату көршілік қарым-қатынасымыз бен серіктестігіміз біз үшін басым бағыт болып табы­лады. Сіз­бен жүргізген келіс­сөз­дері­міз елдері­міздің достығын, халық­тарымыз ара­сындағы ынты­мақтастық пен сенімді мүлде жаңа биікке көте­ре­тініне сенімдімін, деді Қазақстан басшысы.

Си Цзиньпин Нұрсұлтан На­зар­баевқа Қазақстанға келіп қайтуға шақырғаны үшін алғысын айтты. Мен бұл сапарды көптен ар­­ман­­даған едім, бүгін сол арма­ным орындалды деуге болады. Әуежайға өзіңіз келіп қарсы алға­ныңызды мақтан етемін. Осы орайда, жылы қабылдауыңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздің көрікті қалаңызды кеше бірге аралап көрдік. Ұлттық сипат пен нақыштағы заманауи ғимараттарды бірге тамаш