Бір тәулік ішінде 1 миллион қаралым жинап үлгерген фильмнің бірінші нұсқасын команда былтырғы жылдың соңында желіге жүктеген еді. Бірінші бөлім 6 миллионнан астам қаралым жинаған.
«Бұл бүкіл отбасыға арналған кино. Қазіргі таңда балаларға арналған сапалы контент тек киноэкрандарда ғана емес, сонымен қатар Интернет кеңістігінде және YouTube желісінде де жоқтың қасы. «Каникулы off-line» фильмінің екі бөлімі де қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосады. Балаларға біздің салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, ұлттық ойындарымыз және тұрмысымыз туралы қызықты айтылған. Сондықтан, дәл карантин кезінде үйде отырудың маңызды болып табылатын кезеңінде команда болып фильмді қолжетімді желіге жүктеуді жөн көрдік», - дейді фильмнің режиссері және Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Эрнар Құрмашев.
Фильмнің сюжеті бойынша, бас кейіпкер Қайрат инвесторлардың ұсынысын қабылдап, ірі холдингке басшылық қызметіне отырады. Ал «Аулкэмп» лагерінде өзінің ебедейсіз достары Дастан мен Болатты қалдырады, олар болса бірінші күні-ақ ұрысып, лагерьді екіге бөліп, бір-біріне қарсы қояды. Дастан Болат атты «үлкен» балалар ауылда бір күн де болып көрмеген қалалық ерке балалардың жаңа тобына ие бола алар ма екен?
Фильмнің командасы «Аулкэмп» сынды лагерді тек кинода ғана емес, нақты өмірде де ашқанын атап өту керек. Алматы облысының маңында құрылған осындай лагерлердің бірі өткен жазда алғашқы туристерді қабылдады. Лагер ішкі отбасылық және балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың ажырамас бөлігі болды. Үш ай бойы «Аулкэмп» тәрбиеленушілері арнайы әзірленген бағдарлама бойынша қазақ тілін меңгеріп, ұлттық мәдениетімізді үйренді. «Ауылкэмп» кішкентай азаматтардың патриотизмі мен мақтанышының өсуіне өз үлесін қоса отырып, өзінің тәрбие жұмысын болашақта да жалғастырады.
Демалыс туралы фильм кейіпкерлерінің тарихы интернет пен әлеуметтік желісіз аяқталмайды. Карантин аяқталғаннан кейін бірден үшінші бөлімінің түсірілімі басталмақ.