Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Ақмола облысы бойынша 3 миллиард теңге жәрдемақы төленді

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға төленетін 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек алуға қатысты сауалдар әлі де толастамай отыр.

Ақмола облысы бойынша 3 миллиард теңге жәрдемақы төленді

Жедел желіге хабарласатындардың көпшілігі тіркелу тәртібімен қатар, неліктен бұл көмекті алмай отырғандығы туралы да сұрап білуде. Бүгінде төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған ақмолалықтарға 3 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

– Соңғы күндері 42500 теңге алу бойынша жұмыс жандануда. Оның алғашқы мерзімі 15-ші сәуір күні аяқталды. Қазір өтініштерді қабылдау жүйесі біршама оңтайландырылды. Ақмола облысы бойынша бүгінде 75 мың азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді,–дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім жетекшісі Нұргүл Бексұлтанова.

Шынымен де, өтінім берген ақмолалықтардың бірқатары жеке сәйкестендіру нөмірін, енді бірі есепшоттарын қате жіберіп, ақша аударуға қиындық туғызып отыр.  

Бөлім жетекшісі Нұргүл Бексұлтанованың айтуына қарағанда, жүйе бойынша қате жіберу мүмкін емес. Сондықтан, өтінімдер әр түрлі себептер бойынша қанағаттандырылмай отыр. Кейбірі өз қателіктері салдарынан төлемді ала алмай отырса, енді бірі қате мәліметтер беруде екен.

Жәрдемақы қолына тиген жұртшылық мемлекеттің қамқорлығына дән разы.