Коронавирус • 15 Сәуір, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн-ға жетті

511 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 185 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

15 сәуірде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 2 000 984, өлім саны - 128 071, айыққандар саны - 501 206 адам болды (жаңартылған уақыты 20:45).

20:38

Коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн-ға жетті

Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәліметке сәйкес, дүниежүзінде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 2 миллионға жетті.  

128 071 адам вирустан қайтыс болса, сауығып шыққандар саны 500 мыңнан асты.

Вирус ошағы Қытай болғанымен, індеттен ең көп зардап шеккен ел АҚШ болды.

о


18:45

Данияда мектептер қайта ашыла бастады

Бүгіннен бастап Дания Еуропада алғашқылардың бірі болып 11 жасқа дейінгі балаларға арналған оқу орындарын қайта аша бастады. 

Жалпы пандемия қаупі туғанда алғашқылардың бірі болып шектеу шараларын енгізген де Дания еді. Елдегі білім ордалары 12 наурызда жабыла бастады.

Елде вирус жұқтырғандар саны аз болғанымен, мамандар бұл қадамның қауіпті екенін айтып отыр.

Десе де, барлық ата-ана баласын мектепке не балабақшаға жіберуге дайын емес секілді. Алғашқы сабақ күніне барлығы толық келмеген.

20 сәуірге дейін елдегі барлық мектеп ашылады. Балалар маска тағып отқан жоқ, бірақ жиі қол жуып, ара қашықтық сақтап отыруға мәжбүр. Осы мақсатта сыныптар 2-3 топқа бөлініп оқуды бастаған. 

Алайда елде шаштараз, ресторан, сауда орталықтары әлі де жабық болады. 10 адамнан артық жиналуға болмайды. 

Еуропаның бірқатар елі осы аптада шектеу шараларын бәсеңдетіп, шағын дүкендер мен кейбір өндірісті қайта ашуды қарастырып жатыр.

 ыы


16:28

Ресейде бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 388 адам анықталды

Елде вирус жұқтырғандардың саны 24 490-ға жетті. Сонымен қатар, тағы 28 адам көз жұмды. COVID-19-дан қайтыс болғандардың жалпы саны 198 адам. Жақында тағы 292 адам ауруынан айықты. Жалпы емделіп шыққандар саны — 1 986.


15:42

Украинада COVID-19-ды жұқтырған 392 адам тіркелді

Мұнда барлығы 3 764 адам коронавирусты жұқтырған. Жақында 10 адам вирустың кесірінен көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны — 108. Бұған қоса, тағы 24 науқас сауығып шықты. Бұл елде барлығы 143 адам коронавирустан емделген. 


11:46

Трамп ДДСҰ ұйымын қаржыландыруды тоқтатады

АҚШ Президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пандемиямен күрестегі қызметін сынға алып, АҚШ ұйымды қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді. 

Ол Президент әкімшілігіне ұйымның коронавирустың таралуында атқарған қызметін саралау кезінде ақша бөлмеуді тапсырды.

АҚШ - ұйымның ең ірі қолдаушысы, жылдық бюджетінің 15 пайызын, яғни 400 миллион доллар көлемінде қаражат аударады.

АҚШ Президенті ел тұрғындарының қалтасынан шыққан қаржының ақталмағанына наразы болса керек. Дүниежүзінде пандемиядан ең көп зардап шеккен ел осы АҚШ, онда 609 407 адам вирус жұқтырып, 26 041 науқас қайтыс болған.

Дональд Трамп өзі де ел ішінде жағдайды дұрыс игермеді деген сынға қалған еді.

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутериштің осы мәселеге қатысты мәлімдемесінде қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының немесе вируспен күресетін өзге гуманитарлық ұйымның  қаржысын кесетін сәт емес, вирусқа қарсы бірлесе әрекет ететін кез екені айтылған. 

мСурет: Reuters


10:30

Дүниежүзінде 1 981 239 адам коронавирус жұқтырды.

126 681 адам қайтыс болды.

486 622 науқас құлан-таза айықты.

АҚШ-та 609 240 жағдай тіркелді, 48 625 адам сауығып шықты, 26 033 адам қайтыс болды.

Испанияда 174 060 жағдай тіркелді, 67 504 адам сауығып шықты, 18 255 адам қайтыс болды.

Италияда 162 488 жағдай тіркелді, 37 130 адам сауығып шықты, 21 067 адам қайтыс болды.

Германияда 132 210 жағдай тіркелді, 68 200 адам сауығып шықты, 3 495 адам қайтыс болды.

Францияда 131 361 жағдай тіркелді, 29 098 адам сауығып шықты, 15 750 адам қайтыс болды.

в


• Еуропа елдері экономикалық себептерге байланысты пандемиямен күресте енгізген шектеулерді бәсеңдету туралы жоспарымен бөлісті.

Осыған орай, Еуропалық комиссия одаққа мүше елдерді бірлесе әрекет етуге шақырды. Қазір коронавирустың ошағына айналған Еуропа елдері індетпен күресте өз бетімен әрекет еткені белгілі, ендігі жағдай қиын.


• Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы  да брифингте осы мәселеге тоқталған еді. Бұл шешімді қабылдамас бұрын, ол мемлекет көшбасшыларына, ең алдымен, халықтың денсаулығын ойлауға және вирус туралы ақпаратты толығымен меңгеруге кеңес берді.

Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебреисус бұл жаңа вирус және коронавирус тудырған алғашқы пандемия екенін еске салды.


Испанияда құрылыс және өндіріс саласындағы кәсіпорындар кешеден бастап ашыла бастады.

Словакия үкіметі келесі аптадан бастап дүкендердің қайта ашылу кестесін хабарлайтынын айтты.

Аустрия кеше бір ай шектеуден кейін шағын дүкендер мен саябақтардың қайта жұмыс істеуіне рұқсат берді.  

Ал Францияда шектеу шаралары 11 мамырға дейін жалғасатын болды.

Үндістанда 3 мамырға дейін шектеу шаралары енгізілді.