Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Көкшеге Қостанайдан көмек келді

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көрші хақысы тәңір ақысы» дегендей, іргедегі Қостанайдан қиын сәтте көмек келуі көкшетаулықтардың көңілін демдеп тастады.

Көкшеге Қостанайдан көмек келді

Дезинфекциялауға арналған көліктердің Көкшетауда тапшы болуына байланысты  қостанайлықтар қол ұшын созып, көмек көрсетуде. Атап айтқанда, Қостанай қаласында құрастырылған «Шевролет Лабо» көліктері аймақтағы коронавирус індетіне қарсы залалсыздандыру жұмыстарына пайдаланылмақ. Қозғалтқышы мен  қосалқы бөлшектері де Қазақстанда жасалған.

– Жалпы 10 көлік сатып алу жоспарланған. Қазір оның төртеуі жеткізілді. Тағы алтауын аламыз. Сыйымдылығы 800 текше метр, шағын және ыңғайлы. Көшелер мен тұрғын үйлердің арасын дезинфекциялауға арналған көліктер өте қажет,–дейді «Көкшетау су арнасы» кәсіпорнының бас  директоры Ермек Өмірғалиев.

Дезифекциялауға арналған 10 көліктің алғашқы төртеуі облыс орталығына және қалған алтауы індет ошағы тараған аудандарға жіберілмекші. Облыс орталығын дезинфекциялау шаралары 25-ші наурызда басталған. Бұған «Тазалық» коммуналдық кәсіпорнынан бірнеше техника мен жұмысшылар жұмылдырылған.   

Соңғы жаңалықтар