Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Шымкентте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауру жұқтырған азаматша  1997 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны.  Ол  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  

Шымкентте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды

Диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

15.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 40 адам анықталды.

 

 

Шымкент