Оған аталған жұмыс тобының мүшелері және еліміздегі жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.
Мұндағы мақсат – әліпбиді жетілдіруге жөнінде ғалымдардың ұсыныстарын ортаға салу, пікір алмасу, кейбір дыбыстардың таңбалануын ғылыми тұрғыдан пысықтау.
Отырыс барысында жетілдірілген әліпбидегі /у / ı / і / таңбаларының «ы», «і» және «й» дыбыстарының мәнін берудегі дыбыстық мазмұны талқыланды. «Ы» мен «і» дыбысын таңбалауда әріптердің тұрқы ұқсас болуы керек деген пікірлер мен «й» дыбысы үшін «y» таңбасы қолданылғаны дұрыс деген уәждер ғылыми талқының негізі болды. Жоғарыда аталған таңбалардың дыбыстық мазмұны жеке және өзара сабақтастықта талданып, ғалымдар тарапынан нақты пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Бұл пікірлер мен ұсыныстар бойынша алдағы уақытта сараптау жұмыстары жүргізілетін болады.