Коронавирус • 15 Сәуір, 2020

Алматыдағы №12 аурухананың індет жұқтырған дәрігерлері 182 болды

137 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше осы уақытта Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев берген соңғы мәліметтерден кейін де мегаполисте індет жұқтырғандар саны 24 пациентке көбейді.

Алматыдағы №12 аурухананың індет жұқтырған дәрігерлері 182 болды

Бүгінгі күні, 15 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 370 жағдайы тіркелді, оның ішінде 6-ы балалар және үш жүкті әйел бар. Соңғы рет баяндалғаннан бастап, қалада тағы 24 жаңа жұқтыру жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында індет жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны  182 адамды құрайды.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада емдеуге жатқызылған және емделіп жатқан барлық пациенттерден, яғни 215 адамнан коронавирустық инфекцияға талдау алынды. Өкінішке орай, 18 пациенттің талдаулары оң нәтиже берді.

Соvid-19-ы бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218 адамды құрайды, оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 182 қызметкері, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 30 қызметкері, Жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясының 2 қызметкері, №1 Қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері және №11, 32, 12 қалалық емханалардың бір-бір қызметкері бар.

Қаланың стационарларында коронавирустық инфекциядан Алматы облысынан пациентті есепке ала отырып, 311 адам емделіп жатыр.

58-і сауығып ауруханадан шығарылды, оның ішінде 56 ересек адам және 2 бала бар.

253 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 3 адамда – ауыр, 55 ересек адамның жай-күйі ауырлықтың орта дәрежесінде.

Провизорлық госпитальдарда 343 адам, оның ішінде 11-і бала бар, карантиндік оқшаулауда – 419, үй карантинінде – 7097 адам отыр.

Қазіргі уақытта мегаполисте шұғыл көмекті екі стационар – № 7 және №4 Қалалық клиникалық аурухана көрсетуде.

Орталық қалалық аурухана дезинфекциялық тазалау жұмыстарын жүргізуге жабылды.

 

АЛМАТЫ