Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Балалар үйін интернетке қосу үшін 4 миллион теңге бөлді

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалар үйіне дезинфекциялық құралдар мен термометрлерді де сыйға тартты.

Шығыс Қазақстан: Балалар үйін интернетке қосу үшін 4 миллион теңге бөлді

Өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі «Қазцинк» компаниясы Өскемендегі «Үміт» балалар үйі жоғары жылдамдықты интернетке қосылу үшін 4 миллион теңге бөлді. Енді Балалар үйіндегі әр бөлме интернет желісі мен кабельді телевидениеге қосылмақ. «Індет барлығымызға оңайға тиіп тұрған жоқ. «Үміт» балалар үйінің педагогтары мен тәрбиеленушілеріне де қиын соғып жатқаны анық. Бұған дейін мұнда интернет тек бірнеше нүктелерде ғана болды. Бұл осындағы тәрбиеленушілердің қашықтан сапалы білім алуын толық қамтамасыз ете алмады. Біз бұл жағдайға бей-жай қарай алмадық, өйткені, бала тәрбиесі – аса маңызды» дейді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Кәсіпорын сонымен қатар Балалар үйіне дезинфекциялық құралдар мен термометрлерді сыйға тартыпты.

 ӨСКЕМЕН