Кино • 15 Сәуір, 2020

«Атбайдың шайқасы» бас жүлде алды

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ киносының тағы бір мерейлі сәті. Режиссер Әділхан Ержановтың «Атбайдыңшайқасы» фильмі VI Якутск Халықаралық кинофестивалінің «Үздік фильмі» атанды.

«Атбайдың шайқасы» бас жүлде алды

Бастапқыда фестивальді 18-22 наурыз аралығында Якутск қаласында толыққанды форматта өткізу жоспарланған болатын. Алайда коронавирус індетіне байланысты оны «жабықрежимде» өткізіп, тек қазылар алқасы үшін қатысушы фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылып, жеңімпаздарды жариялау туралы шешім қабылданды. Ресейлік кинорежиссер Борис ХлебниковКоктебель», «Аритмия») төрағалық еткен фестивальдің қазылар алқасы құрамына есімі мәшһүр режиссерлер Эдуард Новиковпен Элла Манжеева бастаған кино мамандары кірді.

«Жеңімпаз фильм «Атбайдың шайқасы» – бұл әркелкі кейіпкердің таңқаларлық оқиғасы. Басында ол жағымсыз боп көрінгенімен, соңына қарай оның қайғылы өмірін түсіне, сезіне бастайсың. Қарапайым оқиға өте керемет тілмен айтылған. Бұл оқиғаның айтылу мәнерінің өзінде бір сиқыр жатыр. «Атбайдың шайқасы» сөзсіз бас жүлдеге лайық туынды», - деп баға берді қазылар алқасының төрағасы Борис Хлебников.

«Short Brothers» және «Arizona Productions»компанияларының қатысуымен «Sunny Production»компаниясы жасаған картинаның әлемдік премьерасы өткен жылы ХХХV Варшава Халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына өткен болатын. Фильмнің бас продюсері актриса Әсел Сәдуақасова айтулы фильмде басты рөлдердің бірін орындап шықты.

Естеріңізге сала кетейік, «Атбайдың шайқасы» фильмінде жеңімпазы алдын ала белгілі болатын аралас жекпе-жек бойынша турнирге қатысуды шешетін көше бұзақысы Атбайдың (актер Данияр Алшинов) өмірі жайлы баяндалады. Соған қарамастан бас кейіпкер жекпе-жекте жеңісті қолдан бермеуге бел буады. Себебі ол үшін бұл жеңісжаңа өмірді бастау, үлкен спортқа қайта оралу және өзінің сүйіктісі Аиданы (Динара Бақтыбаева) қайтару мүмкіндігі. Атбайдың ринг бойынша басты қарсыласы, атақты Рафаэльдің рөлін белгілі актер Санжар Мәди сомдады.

Һ