Қысқасы, жаңадан індет жұқтырғандар қатарына – 23 пациент қосылды. Оның ішінде Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 медицина қызметкері болса, қалған 22 адам індет жұқтырған адаммен байланыста болғандар.
Кеше коронавирустық инфекция расталған тағы бір пациент көз жұмды. Бұл 1960 жылы туылған пациент 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емдеуде провизорлық бөлімшесінде емдеуде жатқан болды. Алынған талдаулары індетке оң нәтиже берді.
Кеше Covid-19-дан сауығып қалған тағы үш пациент емделіп, үйлеріне шықты. Олардың барлығы бұрын анықталғандар вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғандар, олардың ішінде 2009 жылғы бала бар.
Бүгінге дейін Алматыда емделіп шыққан адамдардың саны 61 адам болды.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке ала отырып, Covid-19-дан 330 пациент емделуде.
Провизорлық госпитальдарда 368 адам, оның ішінде 7 бала, карантиндік оқшаулауда – 426, үй карантинінде – 7288 адам бар.