Әйгілі Италия маманы Фабио Каннаваро жаттықтыратын команданың 33 жастағы айтулы ойыншысы коронавируске байланысты карантин жарияланғанына қарамастан жеке «Мерседес-Бенцімен» қаланы шарлауға бекінді. Көпшіліктің көзіне түсіп қалмай үшін көлігінің нөмірлерін аустырады. Осы жайттың барлығы жақын маңдағы камераларға түсіп қалған екен.
Жоғарыдағы жайт мәлім болғаннан кейін «Гуанчжоу Эверграндтың» басшылары мен бапкерлері Юй Ханьчао командадан шеттету жөнінде шешім қабылдайды.
Юй Ханьчао аталмыш команда сапында алты жел өнер көрсетіп келеді. Сол аралқыта ол бес рет Қытай чемпионы атанып, бір мәрте Азия чемпиондары лигасында бас жүлдені олжалады. Жартылай қорғаныста ойнайтын Юй ұлттық құрама сапында 59 кездесу өткізді.