Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Алматыда шілдеге дейін бұқаралық шаралар өтпейді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала активімен тікелей желі арқылы байланысқа шығып, бірқатар мәселелер туралы ой бөліскенін бұған дейін хабарлаған едік. Онлайн режимде өткен жүздесуде әкім айтқан тағы бір мәселе  1 шілдеге дейін шаһарда мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынғандығы.

Алматыда шілдеге дейін бұқаралық шаралар өтпейді

Фото авторы: Максим Золотухин

«Адам көп шоғырланатын бұқаралық шараларды 1 шілдеге дейін өткізуге болмайды. Халықаралық тәжірибелерді ескеріп отырмыз. Әр жерде әртүрлі шара қабылданып жатыр. Әрбір мемлекет өз еліндегі эпидемиологиялық ахуалға қарай шешім қабылдап жатыр. Біз қолға алған шаралар өз жемісін берді. Алайда, бізге босаңсуға болмайды. Алматы қаласында санитарлық белдеу болғаны дұрыс. Енді біз инфекцияны облыстан тасымауымыз керек. Алматы қаласының мүмкіндігі жоғары. Яғни, облыс тұрғындарының 65 пайызы Алматыға жақын тұрады », - деді Бақытжан Сағынтаев.