Коронавирус • 16 Сәуір, 2020

Алматы: Жаңадан індет жұқтырған 5 адам, бесеуі де жас адам

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 16 сәуірде коронавирустық инфекция тағы да 5 адамда анықталды. Біз бейсенбі күні түске дейін індет жұқтырғандар қатарына  – 23 пациент қосылғанын хабарлаған едік.

Алматы: Жаңадан індет жұқтырған 5 адам, бесеуі де жас адам

Covid-19 диагнозы жаңадан қойылған алматылықтардың үшеуі 2000 жылы туған, екеуі 2001 жылғы. Олардың барлығы бұрын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар, карантиндік стационарда оқшаулауда жатқан.

Дегенмен, бүгін 6 пациент жазылып шықты, олардың ішінде 4 әйел мен 2 ер адам бар.

Ұшып келгендердің ішінен емделіп шыққандар төрт адам, біреуі жергілікті вирусы бұрын анықталған адамдармен байланыста болған және Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бір медицина қызметкері.

Алматыда Covid-19-дан  67 адам сауығып шыққан.

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында Cоvid-19-дан Алматы облысынан бір әйелді есептегенде, 329 пациент емделіп жатыр.

Емделіп жатқандардың денсаулығына келсек,  1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5-уінде – ауыр, 50 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, 273 адамның жай-күйі – қанағаттанарлық.

Жалпы, осы күнге дейін Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 398 оқиға тіркелді.

Провизорлық госпитальдарда 368 азамат бар, оның ішінде 7-і бала, карантиндік оқшаулауда – 426, үй карантинінде – 7288 адам бар.