Қоғам • 17 Сәуір, 2020

Қорғаныс саласы қосымша шаралар қабылдайды

371 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде қорғаныс ведомствосының және Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы бейнебайланыс арқылы төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге қатысудың аралық қорытындыларын шығарып, алдағы міндеттерді айқындады.

Қорғаныс саласы қосымша шаралар қабылдайды

Суретті түсірген Думан Құрманғалиев

Жекелеген өңірлердің бас­шы­­лары қабылдаған шектеу ша­ра­лары жағдайында Қазақ­стан­­ның 19 қаласында әскери қызметшілер блок-бекеттерді күшейту және патрульдік қыз­ме­тін атқарады. Үш апта ішінде қоғамдық тәртіпті бұзудың 270 фактісі тіркеліп, әскери қыз­­метшілердің тікелей қаты­суы­мен блок-бекеттен өткізу тәртібін бұзудың 270 фактісі анықталды. Блок-бекеттерде 27 тәртіп бұзушылық жақын маңдағы аумақтарды бақылауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшақтар тарапынан анықталды.

Күн сайын блок-бе­кет­терде кезекшілік ететін мың­да­ған әс­ке­ри қызметші өз ден­сау­лы­ғына қауіп төндіре отыра патрульге шығып, дезинфекция жүргізеді. Сонымен қатар қызметте тұ­рақ­ты жауынгерлік даярлық бө­лімшелері бар. Қорғаныс ми­ни­стрі Нұрлан Ермекбаев атап өткендей, барлық жеке құ­рамның денсаулығын сақтау ма­ңызды.

Осы мақсатта блок-бекет­тер­де, патруль топтарында және арнайы өңдеу жасақтарында әскери дәрігерлер күн сайын медициналық тексеру жүргізеді. Әскери қызметшілердің ден­сау­­лық жағдайына бақылау жүр­гізу және ауру белгілері не­­месе науқастармен байланысы анықталған жағдайда ка­рантиндік шараларды уақ­ты­лы қабылдау бойынша про­фи­лак­ти­калық жұмыстар жүзеге асыры­лады.

Әскери бөлімдер мен меке­ме­лердің бақылау-өткізу бекет­терінде термометриясы бар және антисептиктермен өң­дел­ген ме­дициналық сүзгілер орна­лас­тырылған. Барлық әс­кери бө­лім­дер қосымша дәрі­лік препараттармен, дезинфек­ция­лық құралдармен, меди­ци­налық мас­калармен және қол­ғап­тармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар Қарулы Күш­­тер объектілерінде про­фи­лактикалық және сани­тар­­лық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Асха­на­лар­ды, тәу­лік­тік кезекшілікте қыз­мет атқа­­ру орындарын, блок-бекет­те­рі­нің аумақтары мен әске­ри қала­шық­тар­ды дезин­фек­ция­лау­ға ерекше кө­ңіл бөлінеді.

Байланысты шектеу үшін әскери басқару органдары жеке құрамының шамамен 30%-ы ауысым режімдеріне ауыс­тырылған. Шешілетін мін­дет­тер­дің ерекшелігін ескере отырып, жеке құрамның тағы да 30%-ы үйде өзін өзі оқшаулау режімін сақтай отырып кезекті демалысқа жіберілді. Сондай-ақ Қарағанды, Талдықорған, Үшарал әскери-медициналық мекемелері халықты қа­был­дап, Денсаулық сақтау минис­трлі­гі­не көмек беруге дайын.

Қазақстан Әскери әуе күш­те­рінің әскери-көліктік авиа­циясы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына қытайлық дәрігерлер мен гуманитарлық көмекті жет­кі­зді.

Қарағанды қаласы әкім­ді­гі­нің өтініші бойынша 17 әскери медицина маманы пандемияға қар­сы күресте көмектесіп жа­тыр. Коронавирусты емдеуде тәжірибесі бар қытай­лық дә­рі­герлер әскери-ме­ди­ци­на­лық қызметтің даярлығы туралы кон­ференция өткізді. Оған әске­ри дәрігерлер де қатысты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Төтенше жағдайда және карантин режімін қам­та­масыз ету жөніндегі іс-шара­лар­мен қатар, әскери техниканы пай­даланудың жазғы режіміне кө­шіруді қамтамасыз етуді, осы­­ған байланысты барлық шараны қабылдауды тапсырды. Бел­гі­ленген талаптарға сәйкес барлық әскери полигондардың аумақ­тарын жаппай тазарту ұйымдастырылады.