Коронавирус • 17 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда COVID-19-ға тегін тестілеуден қалай өтуге болады?

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясына тегін экспресс-тестін тапсыруға арналған өтінімді Smart Astana қосымшасында толтыруға болады деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда COVID-19-ға тегін тестілеуден қалай өтуге болады?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова коронавирус тестінен өтудің алгоритмін өзінің телеграм парақшасында түсіндірді.

«Өтінімді толтыру үшін біріншіден, сіз Smart Astana мобильді қосымшасындағы «Медицина» – «COVID-19 тестіне тіркелу» бөлімінде сауалнама толтыруыңыз керек. Екінші, Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары азаматтарды белгілі бір көрсеткіштер бойынша іріктейді. Үшінші, мәртебенің расталуын күтіңіз», – деді М.Бектұрова.

Мұнан кейін «КДЛ ОЛИМП» операторлары сізге қоңырау шалып, емдеу бөлмесіне бару уақыты, орны мен күнін жоспарлайды. Келушілер бетперде киіп, жеке куәлікпен кіруі керек. Өйткені тек қабылдау тағайындалғаннан кейін кіруге болады. Талдау нәтижесі сіз сауалнамада көрсеткен электронды поштаға жіберіледі.

«Сонымен қатар, жақында Smart Astana мобильді қосымшасында «Мен үйде карантиндемін» функциясын іске қостық. Барлық байланыс тұлғалары үй жағдайындағы карантин талаптарын сақтау туралы ақпарат ала алуы үшін қосымшаны жүктеуі керек», – деп атап өтті М.Бектұрова.