Ғалымдар вирустың 44 пайызы инфекцияны таратушыда аурудың алғашқы белгілері біліне бестағанда екінші адамға берілгенін айтады. Зерттеуді жүргізген эпидемиологтар осы сараптама қорытындысын COVID-19 өршіуінің алдын алуда қолдану қажеттігін алға тартады.
Зерттеудің кіріспесінде: «Біз аурудың алғашқы белгілері басталған кезде жұтқыншақтағы вирустық жүктеменің (мазок) өте жоғары мөлшерін байқадық және инфекцияның қатты өршитін уақыты белгілер біліне бастағанда немесе оған дейін болған деп болжадық. Екінші реттік жағдайлардың 44%-ы (95% сенімділік аралығы, 25-69%) отбасындағы байланыс, қоғамдық істерде белсенді болу және үйден тыс карантин жағдайларында жұқтырды деп есептедік», делінген.