Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Кәсіпкерлер сауапты істен сырт қалмады

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында кәсіпкерлер көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруде. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кәсіпкерлер сауапты істен сырт қалмады

Төтенше жағдай басталғалы бері жиі өткізіліп келе жатқан қайырымдылық шараларын іскер азамат Дәулет Қайсариев жалғастырып әкетті. Ол тұрмысы төмен және көп балалы 200 отбасына азық-түлік үлестірді.

- Мемлекет басшысы бастамасымен төтенше жағдай режиміне орай көптеген шаралар қолға алынды. Кәсіпкерлердің де қарап қалмай, игілікті істің бел ортасында жүргені қуантады.  Осы бірлігіміз бұзылмаса, бұл қиыншылықты да артқа тастап, жарқын күндерге бірге жетеміз, - деді «МұнайТехСервизОрда» ЖШС директоры Дәулет Қайсариев.

Белгілі кәсіпкер Мырзабай Шалғынбаев та сауапты істен сырттап қалмай «Достық» қонақ үйін күн-түн демей індетке шалдыққандарды емдеп жатқан медицина қызметкерлеріне пайдалануға беріп отыр.