Білім • 17 Сәуір, 2020

11 мың техника сатып алынды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі мектептер қашықтан оқыту форматына көшкені белгілі. Екінші апта аяқталғанда, мұғалімдер мен оқушылардың төселіп қалғаны байқалды. Қашықтан оқытудағы негізгі проблема – техника тапшылығы. Бұл мәселе қалай шешіліп жатыр? Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі онлайн-брифингте баяндады.  

11 мың техника сатып алынды

Осы мәселені шешу үшін министрлік арнайы техникалар (компьютер, планшет, ноутбук) сатып алуды қолға алған. Бұған дейін министрлік тарапынан 80 мыңға жуық техника сатып алынатыны айтылған еді. Міне, сол жұмыстардың алғашқы легі орындалып, яғни 11 мың техника алынды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов:

– Сатып алынатын техника тек қана компьютер емес, бұл қашықтан білім алуға көмектесетін кез келген құрылғы болуы мүмкін. Себебі елімізде компьютер толығымен жетеді деп айта алмаймыз. Сондықтан жетпеген жағдайда басқа да құрылғыларды аламыз. Қазіргі таңда 80 мыңға жуық техника сатып алуды жоспарлап отырмыз. Әрине, тек оқушыларда емес, мұғалімдерімізде де техника тапшылығы бар. Сол себепті педагогтарды тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатыр, – деген болатын.