Қазір де Іле ауданындағы Байсерке ауылында орналасқан Danone Berkut зауытындағы жұмыс ырғағы баяулаған жоқ. Ел бойынша жарияланған төтенше жағдай талабына сай және облыс аумағындағы карантин ережесіне сәйкес кәсіпорындағы сақтық шарасы күшейді. Зауыт аумағында санитарлық бақылау бекеті ашылған, әр ауысым жұмысшылардың денсаулығына мұқият тексеру жүргізіледі. Ал кәсіпорын жұмысшылары арнайы автобуспен тасымалданады екен. Бүгінде өндірісте 50 адамнан құралған бригада үш ауысыммен еңбек етіп жатыр. Алматы қаласының аумағында тұратын қызметкерлер үшін жатақханадан орын бөлініп, тамақпен қамтылған. Жұмыс ауқымын азайту мен еңбеккерлерді қысқарту болған жоқ. Қайта компания жұмысшылары үшін бонустық төлем мөлшері көбейіпті.
- Біздің компанияның Алматы облысындағы зауыты толық күшінде жұмыс істеп тұр. Жұмысшылар карантин талаптарына сәйкес күніне бірнеше рет дәрігерлік тексеруден өтеді. Адамдарды ақысыз демалысқа жіберу мен қысқарту туралы ойламадық та. Керісінше, қосымша ақы төлеуді ұйымдастардық, - дейді Danone компаниясының өкілі Дінмұхамед Айсауытов.
Алматы облысы