Әлем • 17 Сәуір, 2020

Ұлы режиссерлерді іздейді

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Б» категориясындағы фильмдердің королі саналатын 94 жастағы Роджер Корман екі минуттық фильмдерге фестиваль жариялады деп хабарлайды gazeta.ru сайты.

Ұлы режиссерлерді іздейді

Фестивальға кез-келген адам қатыса алады. Түсірген фильмінің уақыты екі минуттан аспауы керек. Алдағы екі апта көлемінде Роджер Корманға жолдануы тиіс. Сосын қорытындысы шығарылып, ең үздік фильмдер режиссердің жеке сайтына және әлеуметтік парақшасына салынады. Жалпы, жеңімпаздарға Корманның атынан сертификаттар мен сыйлықтар тапсырылады.

«Сіздерді үйлеріңізден шықпай, денсаулықтарын күтеді деп үміттенемін. Біз әйелім екеуміз де үйдеміз. Осы күндерде сіздермен бірге жаңа бірнәрсе жасауды ұйғарып отырмыз. Біз ұлы режиссерлерді іздейміз. «Оскар» жеңіп алған адамдардың көбі жұмысын менімен бірге бастаған»,-дейді Корман жеке парақшасында.

Расында  Френсис Форд Коппола, Мартин Скерсезе, Джек Николсон, Питер Фонд, Джеймс Камерон, сондай-ақ, Тимур Бекмамбетов сияқты атақты режиссерлер мен актерлердің мансабы Корманмен әріптестіктен басталған.