Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алматы: 20 сәуірден бастап қандай кәсіпорындар жұмысқа кіріседі?

594 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша, 20 сәуірден  Алматы қаласындағы кәсіпорындардың жұмысы кезең-кезеңмен іске қосыла бастайды. Бұл ретте өнеркәсіптік кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының, сондай-ақ алдын ала жазылу бойынша нотариустардың және Наурызбай ауданындағы ХҚКО бір бөлімшесінің (тек қана бизнеске қызмет көрсету үшін) қызметке кірісуіне рұқсат берілді.

Алматы: 20 сәуірден бастап қандай кәсіпорындар жұмысқа кіріседі?

Осылайша, қалада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны біртіндеп өсіп, ай көлемінде тағы да 90 мың адамға көбеймек. Кәсіпорындарды іске қосу ісі де жұмыс ерекшелігіне байланысты, кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады.

Аталған салалардағы кәсіпорындарды іске қосу тек аудит жүргізілгеннен кейін және ұжымдардың дайындығы мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы оң шешім шығарылғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Аудитті жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен, СЭС және «Атамекен» ҰКП қызметкерлерінен тұратын жұмыс топтары жүргізетін болады. Сондай-ақ, іске қосылғаннан кейін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арнаулы  мониторингтан өтіп, талаптар сақталмаған жағдайда, қызметін тоқтатуы мүмкін.

Қызметкерлерді COVID-19 инфекциясынан қорғау жөніндегі іс-шаралардың толық тізбесі қаланың барлық өнеркәсіп және құрылыс нысандары үшін әзірленді. Жұмыс берушілер қатаң санитарлық нормалардың сақталуына дербес жауапкершілікте болады. Сонымен қатар, нысандарда қызметкерлердің жай-күйіне сауалнама жүргізіп және оларды журналға тіркей отырып, сондай-ақ тепловизорлардың көмегімен байланыссыз термометрия арқылы күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеру жүргізу талап етіледі. Барлық қызметкерлерді медициналық маскалармен және қолғаптармен, дезинфекциялаушы майлықтармен немесе тері антисептиктерімен, санитайзерлермен қамтамасыз ету қажет.

Қызметкерлер арасында, оның ішінде асханаларда, қашықтықты сақтау, кеңестердің санын, сондай-ақ адамдардың бір жерде көп шоғырлануын барынша қысқарту маңызды. Үй-жайларда үнемі дезинфекция және ылғалды жиыстыру, желдету және ауа баптау жүйелері, сондай-ақ жеке гигиена және т.б. арналған санитарлық тораптар жұмыс істеуі тиіс.

Асқынған респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулар айқындалған қызметкерлерді жұмысқа жіберуге тыйым салынады. Бұл жағдайда, қызметкерді дереу оқшаулап, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру қажет.

Осыған байланысты, тиісті аудит жүргізілгеннен кейін және кәсіпорынның карантин жағдайында жұмыс істеуге дайындығы туралы қорытынды берілгеннен кейін ғана қызметкерлер мен көлік құралдары туралы деректерді www.infoalmaty.kz базасына енгізіледі. Тек содан кейін ғана Алматы қаласы бойынша жүріп-тұруға рұқсат берілетін болады.