Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Сарысулық азаматтар 50 отбасына азық-түлік таратты

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бүгінде Сарысу ауданында да карантин жарияланып, блок-бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, тұрғындарды қажетті азық-түлікпен қамту мәселесі де жолға қойылған.

Сарысулық азаматтар 50 отбасына азық-түлік таратты

Ауданда тұратын көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы акция ұйымдастырылып, акция барысында 50-ге жуық отбасыға күнделікті қажетті азық-түлік таратылды.

Қазіргі кезде ауданда тұрмысы төмен отбасыларды қолдау мақсатында ауданның қалталы азаматтары ұйымдасып, бірнешеуі ақша аударып, біразы көпшілікті азық-түлікпен қамтамасыз етуді жалғастыруда. Көмек алған отбасылар ауданның Атымтай Жомарт азаматтарына алғыс айтуда. Тұрғындарға қажетті ұн, қант, картоп, пияз, күріш, сәбіз және өзге де азық-түлік түрлері таратылып берілді.

«Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», дейді. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осындай игі істер ауданымызда жиі ұйымдастырылып тұрады. Осы қайырымдылыққа мұрындық болған қалталы азаматтарға Алла разы болсын. Ислам діні жағдайы бар азаматтарды қоғамдағы әртүрлі тағдырымен қайырымдылыққа мұқтаж болған кісілерге, қоғам мүшелеріне көмектесуге, қол ұшын беруге, жәрдемдесуге шақырады», дейді Саудакент ауылындағы Майлыбай мешітінің бас имамы Ғабит Кәрімбеков.

 

Жамбыл облысы