- Бүгін Іле аудандық ауруханасының фильтріне жүгінген аталған ауданының 3 тұрғынының кеудесі рентгенге түсіріліп, олардан өкпе қабынуы анықталған. Бұл 1985, 1971 және 1967 жылы туған азаматтармен 23 адам байланыста болған. Олардың бәрі оқшауландырылды. Ал Кербұлақ ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Олардың ең үлкені 35 жаста, ең кішісі 3 жастар. Сырқаттармен байланыста болған 38 адам карантинге алынды, - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Алматы облысы