Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алматы қалалық Полиция басқармасының басшысы қызметінен шеттетілді

413 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда қымбат көліктермен кортеж ұйымдастырғандар жазаланды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қалалық Полиция басқармасының басшысы қызметінен шеттетілді

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі тексере келе карантин режимін және жол ережесін бұзу әрекеті бойынша екі құқықбұзушылықты тіркеді. Кортеж қатысушыларының барлығы ұсталды. 25 жастағы «Бентли» көлігінің жүргізушісі Жанұзақовты Е.Т Алматы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘқбК 476-бабымен айыпты деп танып, 15 тәулікке қамау жөнінде шешім қабылдады. 30 жастағы «Бентли» көлігінің жолаушысы Асылбеков Ш.А ҚР ӘқбК 476-бабымен айыпты деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

27 жастағы «Кадиллак» жүргізушісі Жұмағұлов С.Д ҚР ӘқбК 476-бабы, ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімі бойынша ҚР ӘқбК 590-бабының 3-бөлімі негізінде айыпты деп танылып, 14 тәулікке қамалды. «Кадиллак» жолаушысы 30 жастағы Канаев Е.Н ҚР ӘқбК 476-бабымен әкімшілік жазаға тартылып, 15 тәулікке қамалды. «Мерседес» жүргізушісі 40 жастағы Артықбаев М.М ҚР ӘқбК 476-бабы, ҚР ӘқбК 596-бабының 3-бөлімі, ҚР ӘқбК 590-бабының 4-бөлімі бойынша айыпты деп танылып 10 тәулікке қамалды.

«Тағы екі тұлғаның кім екендігі анықталды. Ол іздестіріліп жатыр. Көліктердің барлығы айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл кортеждің блокпост арқылы емін-еркін өтуіне байланысты тексеру жүргізбек. Ал отырысқа қатысқан қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қызметтік тексеру аяқталғанша қызметінен шеттетілді. Бұл құқықбұзушылыққа қатысты құқықтық баға берілетін болады», - деді қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.