Қазіргі таңда үйірме еріктілері екі күннің ішінде 200-ге жуық маска тігіп шықты. Оның 100-ге жуығын Нұр-Мүбарак университетінің қызметкерлері арасында тегін таратып үлгерді.
Г.Заурбекова халықты коронавирус індетімен бірге күресуге шақыра отырып, маска тігу жұмыстары әрі қарай жалғаса беретіндігін айтады.