Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Кәсіпкер Айдын Рахымбаев туған ауылын азық-түлікпен қамтамасыз етті

1991 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкпекті ауданына үнемі көмектесіп тұрады.

Шығыс Қазақстан: Кәсіпкер Айдын Рахымбаев туған ауылын азық-түлікпен қамтамасыз етті

Есімі елге белгілі кәсіпкер, «BI Group» директорлар кеңесінің төрағасы, Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауданы Құлынжон ауылының тумасы Айдын Рахымбаев өзінің туған ауылын толық азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етті.

к

Кәсіпкер жерлестеріне КамАЗ көлігімен 1,5 миллион теңгенің (200 қап ұн, 200 дана 5 литрлік сұйық май және 200 дана 5 келілік макарон) азығын жөнелтіпті.

кө

«Азық-түлікті ауылдағы барлық отбасына, ешкімді бөле-жармай, теңдей таратып бердік. Айдын Жұмаділұлы Көкпекті ауданына үнемі көмектесіп тұрады. Бүгінде оның демеушілігімен үш жылдан бері ауылдағы орта мектептің барлық оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылып келеді. Сонымен қатар 2016 жылы 108 бала оқитын осы мектепке күрделі жөндеу жұмысын жүргізді. Бұған дейін ол ауыл тұрғындарына қажет трактор тіркемесі мен өрт сөндіру көлігін де тарту еткен» дейді Құлынжон ауылының әкімі Самархан Демесінов.

Шығыс Қазақстан облысы,

Көкпекті ауданы