Бұл тұрғыда тұтас ел көлемінде қанат қаққан «Birgemiz» республикалық коры жанынан құрылған «Almaty Birgemiz» жобасы да жақсы істердің басында жүр.
Партияның аймақтық бөлімшесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Almaty Birgemiz» қоры көмекке мұқтаж 23 мыңнан астам алматылыққа 50 мың теңгеден қаржы бөлді. Сонымен қатар «Birgemiz» республикалық қоры тарапынан Алматы қаласына 2 млн медициналық бетперде жіберілді. Ол маскалар 40 мың тұрғынға, яғни АӘК алатындарға, 1-3 топ мүгедектеріне, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және медициналық-әлеуметтік мекемелерге таратылған.
«Медициналық бетперделерді жеткізу бойынша акция қаланың барлық аудандарында басталды. Аталған шараға 200 ерікті және 120-ға жуық автокөлік жұмылдырылды»,– деп хабарладыпартияның баспасөз қызметі. Алдағы уақытта да мұндай игі бастамалар жүйелі түрде жалғаса бермек.