Кездесу барысында науқастар мен аурухана қызметкерлерін орналастырудың, қауіпсіздіктің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын сақтаудың ағымдағы жағдайы талқыланды.
«Біз қалалық аурухананың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлерін қандай жағдай алаңдататынын, қалыптасқан жағдайды тікелей реттеп, орын алған мәселелерді шешу үшін барлық шараларды қабылдау мақсатында жиналып отырмыз», – деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.
Сондай-ақ ол аурухана ұжымына жұқтыру жағдайларына қарамастан, сабырлық танытып, жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Сұрақтар мен ұсыныстар жөнінде хирургия бөлімінің меңгерушісі Н. Кемелханов, физиотерапия бөлімінің меңгерушісі А. Төреқұлова, неврология бөлімінің меңгерушісі Г. Құсайынова, реанимация бөлімінің меңгерушісі Г. Бердалина, травматолог-дәрігер Г. Егемов және басқа да мамандар сөз сөйледі.
Кездесу қорытындылаған әкім орынбасары, көтерілген мәселелерді шешу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ол, алдағы уақытта да аталған аурухана ұжымымен кездесулер жалғасатынын жеткізді.