«Жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және күннің ысуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы (2300 метр биіктігінен жоғары аумақта) бассейнінде 19-23 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады» деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Осы орайда мамандар алматылықтарға таулы жерлерге бармауға кеңес береді. Төтенше жағдайдың алдын алуға байланысты ескерту, азаматтардың ұялы байланыс нөмірлеріне де хабарлама ретінде жолданған.