Коронавирус • 20 Сәуір, 2020

Балаларға COVID-19 туралы не айту керек?

461 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір әлемдік ахуалға айрықша әсер етіп отырған коронавирус инфекциясы ең қиыны балаларға да жұғып жатыр. Ұрпақтың амандығына алаңдайтын әр ата-ана мен ересек адамда «Баланы қауіпті індеттен қорғануға қалай шақырамын?» деген сұрақ туатыны анық. Бұл сауалға біз де жауап іздеп көрдік. 

Балаларға COVID-19 туралы не айту керек?

Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы UNICEF балалар қоры осыған орай арнайы танымдық кеңестер тізбегін ұсынған. Онда індет таралған елдердегі балаларда үйреншікті өмірден қол үзіп, үй карантинінде болған жағдайда түсініспеушіліктің туындайтыны айтылған. Біздіңше, бәрінен бұрын  жақын адамы коронавируспен ауырса немесе тіпті өзі сырқаттанып қалса, яки ең қымбат адамының (анасы, әкесі, ересеск бауыры) өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін қатермен бетпе-бет күресіп жүрген дәрігер болса, психикалық күйзеліске түсіруі мүмкін. Қайтпек керек?  

UNICEF ұсынған 8 кеңестің алғашқысында ашық сұрақтар қойып, тыңдау керектігі жазады. Осы тақырыпты талқылап, балаңызбен тыныш жерде сөйлесу үшін арнайы орын мен уақыт бөлу қажет.

«Балаңыздың осы тақырып жайлы не білетіндігін анықтап, сөзін бөлмей тыңдаңыз. Егер балалардың жасы тым кішкентай әрі осы ауру туралы мүлде естімеген болса, сізге бұл тақырыпты көтерудің қажеті болмауы мүмкін, сондықтан оларға қауіпті жағдай жайлы айтпай-ақ қойған абзал. Оның орнына гигиена ережесін қалай сақтау керектігін еске салып, көрсетіңіз.

Балаңыздың еркін сезініп, сөйлеуіне мүмкіндік беріңіз. Бұл үшін сурет салу, естеліктерді айтып беру және басқа да әдістер арқылы балаңыздың ашық сөйлесуіне жағдай жасаңыз.

Ең бастысы, олардың проблемаларына болмашы нәрсе ретінде қарамаңыз немесе олардан қашпаңыз. Балалардың сезімдерін қабылдап, мұндай  жағдайда қорқыныштың пайда болуы заңды екендігін түсіндіріңіз. Сіз оларға өзіңіздің мұқият тыңдап отырғандығыңызды білдіріп, кез келген уақытта сізбен және мұғалімдерімен сөйлесе алатындығына көінз жеткізіңіз», делінген бірінші кеңесте. 

UNICEF-тің ата-аналарға арналған кеңестерін толығырақ мына жерден оқи аласыз.