Бұл сома ары қарай да ұлғая бермек. Төлемге өтінім қабылдау әлі де жалғасып жатыр. Жалпы республика бойынша тиісті жәрдемақыны алуға 6 млн 300 мыңға жуық адам арыз беріп, оның 3 миллионнан астамына 42500 теңге берілген.
«Азаматтардың көпшілігі мәліметтерін қате берген және БЖТ кеш немесе кейін төлеп ерте арыз берген. Оның ішінде ел аумағынан шығып кеткен азаматтардың, қайтыс болған азаматтардың атынан да берілген өтініштер бар. Қазір бізде қайтару жұмыстары жүріп жатыр», – дейді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.