«Күн сайын бес жүзге жуық адамнан құралған 70 бригада аулалар мен кіреберістерді зарарсыздандыруға шығады. Күніне 70 мың литр дайын ерітінді қолданылады. Жалпы жұмыс басталғаннан бері миллион литрдан астам дайын ерітінді жұмсалды. Негізгі басымдық тұрғын үй кешендеріне берілген», деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев.
Бүгінгі таңда мамандар үш миллион шаршы метрге жуық көше мен жарты миллион шаршы метр жүргінші жолдарын дезинфекциялаған. Оның ішінде аялдамалар, көшедегі қоқыс жәшіктері мен контейнер алаңдары да назардан тыс қалмайды.
– 25 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін, бекітілген кестеге сәйкес, тұрғын үй қорының жалпы алаңдарын күн сайын дезинфекциялау, соның ішінде іргелес жатқан аулаларды өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Лифтілер, кіреберістер мен есіктер сынды тұрғындар көп ұстайтын жерлер. Күн сайын 1 дезинфекциялаушы, 5 бригадир және 3 жүргізуші жұмылдырылған, – дейді Алматы қаласы Наурызбай ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жандос Тәкібаев.