20 Сәуір, 2020

Балаға COVID-19-ды түсіндіретін ертегі

545 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз – ересек қауым өз өмірімізге ғана емес, балалардың өміріне де жауаптымыз. Жаңа жағдайға бейімделу бәрінен бұрын далада ойнағанды жақсы көретін балаларға оңайға соқпай тұр. Әрі сұрағы көп кішкентайларға жаңа талаптарды сақтауға үйрету де қиын. Мұндайда баланың тілімен түсіндіруге тиіспіз. Бізді бұл тығырықтан  бір мезетте 17 тілге аударылып шығарылған «Сен – менің батырымсың» ертегісі алып шыға алады. 

Балаға COVID-19-ды түсіндіретін ертегі

Ертегіні Біріккен ұлттар ұйымының гуманитарлық серіктесі IASC –Ведомствоаралық тұрақты комитеті (Inter-Agency Standing Committee) шығарды. 

БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) атқарушы директоры Генриетта Фор:

«Дүниежүзіндегі балалардың өмірі бір сәтте өзгеріп кетті, өйткені олардың көпшілігі адамдардың жүріп-тұруын шектейтін, сондай-ақ үйден шықпау режимін енгізген елдерде тұрады. Бұл керемет кітап балалардың жаңа жағдайды түсінуіне және оны қабылдауына, жаңа ережелерді сақтап, батыр болуына көмектеседі», дейді. 

Ұйымдастырушылар кітапты жазу үшін дүниежүзіндегі 1700-ден аса баладан, олардың ата-аналарынан, тәрбиешілері мен мұғалімдерінен COVID-19 пандемиясы аясында қалай өмір сүріп жатқаны туралы сұрап білген. Сол сауалдаманың негізінде кейін кітапты бірден 17 тілде басты. Ертегіні қазақ тіліне барлық рұқсатын алып, БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) Қазақстандағы өкілдігі аударды. 

Ертегінің желісі оқырманды бірден өзімен ілестіріп әкетеді. 

– COVID-19 түрі қандай?, – деп сұрады Сара анасынан. 

– COVID-19 немесе коронавирус тым кішкентай, оның кішкентай болғаны сонша, көзге де көрінбейді, деп жауап берді анасы. 

– Сонда біз оны көрмесек, онымен күресе алмаймыз ба?, – деп сұрады Сара. 

– Неге күресе алмаймыз? Әрине, күресе аламыз, – деді анасы. 

Ертегінің толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз. 

Арио деген ғажайып кейіпкер кітап оқырмандарына бала өзін, отбасын және достарын коронавирустан қалай қорғай алатынын және осы өзгерген ортада туындаған абыржу мен уайымдарды қалай жеңуге болатынын түсіндіреді.