Әрине, жоғарыдағы келеңсіз жағдайдың қалай шешімін табатыны бізге беймәлім. Десек те «Реалдан» кеткенннің өзінде Зидандай мықты маманның жұмыссыз қалмайтыны анық. Қазірдің өзінде Италияның А сериясында ойнап жүрген «Ювентустың» басшылары айтулы бапкерді өз қатарларына қабылдауға әзір екендерін байқатты. Тіптен, олар Зинединді құшақ жая қарсы аламыз деп ерекше құштарланып отыр.
Францияның ұлттық құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанып, үш рет әлемнің ең үздік футболшысы деп танылған 47 жастағы Зинедин Зиданның бапкерлік кәсіпте де бағы жанды. Бұл күндері «Реалды» жаттықтырып жүрген ол аталмыш клубпен бірге Чемпиондар лигасын үш мәрте иеленді. Одан бөлек, Зиданның толып жатқан басқа да атақтары жетерлік.